КГУ «ЦСО №2»  коммуналдық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілеріне рухани-танымдық кездесу ұйымдастырылды 6374

КГУ «ЦСО №2» коммуналдық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілеріне рухани-танымдық кездесу ұйымдастырылды

21 мамыр 2026 21 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде облыстың Бас имамы Амантай Садиевтің бастамасымен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде КГУ «ЦСО №2» коммуналдық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілеріне рухани-танымдық кездесу ұйымдастырылды. 

Іс-шара аясында «Нұр Ғасыр» мешітінің тынысымен танысып, «Руханият» музейін аралады. Танымдық кездесу барысында мешіттің тарихы, рухани-ағартушылық бағыттағы жұмыстары мен ұлттық құндылықтарды насихаттаудағы маңызы жөнінде кеңінен ақпарат берілді.

Сонымен қатар қатысушыларға арнайы мешіт асханасында дастархан жайылды. Ал қатысушылар ұйымдастырылған шараға ризашылықтарын білдіріп, мұндай кездесулердің рухани серпіліс сыйлайтынын атап өтті.

Айта кетсек, Ақтөбе қаласындағы КГУ «ЦСО №2» (№2 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы) стационарлық ұйым. Мұнда созылмалы психикалық аурулардан зардап шеккен және тұрақты күтімге, медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалтуға мұқтаж 18 жастан асқан I және II топтағы мүгедек адамдар (оның ішінде ересектер) тұрады және тәрбиеленеді.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі