Ақтөбе: Бас имам Дәуімшар батырға арналған ескерткіштің ашылуына  қатысты 711

Ақтөбе: Бас имам Дәуімшар батырға арналған ескерткіштің ашылуына қатысты

05 тамыз 2021 216 Оқу 1 минут

Бүгін Байғанин ауданының орталығы Қарауылкелді ауылында Дәуімшар Қуатұлы батырға ұрпақтары Ісенбай Қалдаманов пен Жаңбырбай Дәрменовтың  мұрындық болуымен ескерткіш ашылды.

Шараға Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнусова, танымал тарихшы, Ақтөбе облысы әкімінің қоғамдық көмекшісі Ибраһим Ермекбаев, Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы, Маңғыстау облысы бас имамы Ануар Елжанов, Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Оңғарбайұлы, Байғанин ауданының әкімі Қайрат Орынбасарұлы мен аудан тұрғындары қатысты.

Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлы: «Дәуімшар батыр Қуатұлы (1770-1810 жылдары Жем бойы) Каспий өңірінің атақты батырларының бірі болған. Шоғының Тікенек тақтасынан тарайды. Оның өмірі мен ерлік жолдары Үстірт, Жем, Сағыз аймақтарымен тығыз байланысты. Осы өңірлерді иемденуге тырысқан Башқұрт, Түрікпен, хиуалықтар мен қалмақтардың бетін қайтарып, жаудан тазартқан есіл ер. Алаштың ақиық азаматы Халел Досмұхамедұлы Дәуімшардың ерлігін жоғары бағалаған.

Шоғы батыр ұрпақтарының бастаған бүгінгі игі бастамасы жастарымыздың бойына батырлық пен батылдықтың, Отансүйгіштіктік пен патриоттықтың дәнін себе бергей дейміз. Ер есімі – ел есінде» деген лебізін білдірді.

Аталған шара батырға Құран бағыштаудан басталып, ескерткіш жанынан ашылған аллеяда тал отырғызу рәсімімен қортындыланды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі