Мешіттің ондық алға төрағасына Умраға жолдама табыстады
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес асыл дініміздегі ұлық мерекелердің бірі – Ораза айт мерекесі қарсаңыңда ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты «Досжан Хазірет» мешітінде «Ислам және адал қоғам» жылына орай айтулы оқиға орын алды.
Ораза айт мерекесінің құрметіне дін жанашыры, мешіттің ондық алқасының төрағасы Аймаханов Болатбекке мешіт және жамағат атынан Умраға (кіші қажылыққа) жолдама табысталды.
Сауабы мол игі іске атсалысқан әр жанға Алла Тағала сансыз сауаптан жазсын!
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі






































