Ақтөбеде «Бірлігі жарасқан жамағат» атты рухани басқосу өтті 5029

Ақтөбеде «Бірлігі жарасқан жамағат» атты рухани басқосу өтті

21 қараша 2025 139 Оқу 1 минут

ҚМДБ «Жастар ісі секторының» Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Аслан Дәуірханұлының бастамасымен Ақтөбе қалалық орталық мешітінде қаладағы мешіт жастарының басын қосқан «Бірлігі жарасқан жамағат» атты рухани отырыс ұйымдастырылды.

Шараға Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Жексенбай Торбаев пен аталған облыстық мешіттің ұстазы Талғат Аманов, «Әзіреті Біләл» мешітінің ұстазы Қойшыбаев Нұрмахан, «Әл-Ләтиф» мешітінің ұстазы Әділбек , сондай-ақ РАТТ мүшесі Ахметов Ербол арнайы қатысып, жастарға маңызды тақырыптарда тағылымды насихат айтты.

Басқосу барысында бірлік пен ынтымақ, отбасы құндылықтары, ілім алудың артықшылығы мен пайдасы т.б өзекті мәселелер жан-жақты түсіндіріліп, жамағатқа рухани бағыт-бағдар берілді.

Жастардың ауызбіршілігін арттыруды мақсат еткен бұл шараға 300-ге жуық жас қатысты. Жиналған қауым ұстаздардың әсерлі уағызын тыңдап, бір-бірімен бауырмалдық қарым-қатынас орнатты.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі