«Отбасындағы махаббат — ғаламның негізі» атты жас отбасылармен кездесу өтті
«Ислам және отбасы кұндылығы» жылына орай отбасы күні Ойыл аудандық мешітінің бас имамы Бақжарық Қызырұлы және Ойыл аудандық орталық кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен «Отбасындағы махаббат — ғаламның негізі» атты жас отбасылармен танымдық кездесу өтті.
Шара барысында ауданның бас имамы жас отбасыларға ұлттық құндылықтарды, отбасы ынтымағы, сыйластық пен бірлікті,салт-дәстүрімізді насихаттау туралы ҚМДБ атқарып жатырған іс шаралар туралы баяндады.
Аталған кездесуге жас жұбайлар, жастар ұйымының өкілдері қатысты.
Бақжарық Қызырұлы отбасы бақытының негізі — өзара түсіністік, махаббат пен жауапкершілік екенін айта келе, өмірлік тәжірибиесімен бөлісті. Сонымен қатар отбасылық берекеге негіз болатын ұстанымдар туралы айтты.
Одан өзге танымдық кездесуде тақырып аясында сұрақ-жауап, тренинг ойындары өтті. Ал қорытындысында жас отбасыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Әр қатысушы қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі











































