Ақтөбе ұжымы Бас мүфти марапатына ие болды 59

Ақтөбе ұжымы Бас мүфти марапатына ие болды

02 қыркүйек 2020 197 Оқу 1 минут

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы діни басқарма бастамасымен қолға алынған «Құрбан2020» қайырымдылық жобасын Ақтөбе облысында ұйымдастыруға атсалысқан бірқатар азаматтарды алғыс хатпен марапаттады. 

 Биыл еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты муфтият құрбан шалу рәсімін «Құрбан2020» жобасы аясында қашықтан жүзеге асырды. Шара аясында Ақтөбеде 218 қой мен 2 сиыр құрбандыққа шалынып, 2278 адамға 11 тонна 397 келі ет таратылды. Мерекелік қуанышқа бөленген жандар айрықша алғыстарын айтуда. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған биылғы еріктілер жылы аясында сауапты іске жұмылып, қашықтан құрбан шалу шарасын ұйымдастырған және жан-жақты қолдау көрсетіп, жанашырлық танытқан әрбір қызметкерге Бас мүфти зор ілтипаты мен айрықша алғысын білдірді.

Марапатқа Ақтөбе облысы әкімінің орынбасарлары А.Бердалин, М.Шермағанбет, Дін Істері басқармасының басшысы Ә.Тұралиев бастаған бірқатар басқарма басшылары мен Ақтөбе имамдары ие болды.

Бас имам Төлеби Оспан Бас мүфти атынан келген алғыс хаттарды өз иелеріне табыстап, жұмыстарын сәттілік тіледі. Алла Тағала ел игілігі үшін атқарар жұмыстарымызды көп еткей!


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің 

баспасөз қызметі