Ақтөбе: Жеті дін маманына сертификат табысталды 1828

Ақтөбе: Жеті дін маманына сертификат табысталды

29 маусым 2022 171 Оқу 1 минут

Бүгін Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбәрак Егиет ислам мәдениеті университетінде «Исламдық бағыттағы деструктивті және радикалды діни идеологияны ұстанушыларды радикалды көзқарастан арылту және оңалту саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру» атты бір айлық курсын тәмамдалып, ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінен 7 дін маманы (6 имам және 1 ұстаз) сертификатпен марапатталды. 

Нұр-Мүбарак ЕИМУ жанындағы Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығы аясында өткен курста 140 академиялық сағатқа негізделген 16 пән өтілді.

Дәрістерді ҚР-да өз саласында білікті әрі жетекші мамандардан құралған оқытушы-профессорлар, яғни еліміздегі бірегей ислами жоғары білім ордасы Нұр-Мүбарак ЕИМУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Гумилев атындағы ЕҰУ, сондай-ақ осы салада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі (ҰҚСК) мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясының тәжірибелі мамандары оқыды.

Айта кетсек, еліміздің әр өңіренен 73 маман дін маманы бір айлық курсы оқып шықты.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі