Ақтөбе: Екінші рет жамағатқа күнделікті намазда толық Құран Кәрімді жатқа хатым етті 2286

Ақтөбе: Екінші рет жамағатқа күнделікті намазда толық Құран Кәрімді жатқа хатым етті

02 сәуір 2024 4014 Оқу 1 минут

Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде құптан намазынан кейін облыстық мешіттің наиб имамы Бекжан қари Әлденов екінші рет күнделікті намазда толық Құран Кәрімді жатқа хатым етті.

Сонымен қатар облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов елімізге тыныштық пен татулық тілеп, Құран Хатым дұғасын жасады.

«Жамағатқа күнделікті намазда толық Құран Кәрімді жатқа хатым ету идеясын Мысыр мен Түркия елінде ілім алып жүргенімде мақсат еттім. Бұл сауабы мол игі шар осымен 2-ші рет қолға алынды. Алланың қалауымен 8 айдың ішінде күнделікті жүйелі түрде түрде үзіліссіз таң намазында 2 бет, құптан намазына 2 беттен жатқа «Бақара» сүресінен бастап оқып, «Нәс» сүресімен бүгін аяқтадық.

«Бес уақыт намаздан кейін жасалған дұға сияқты, хатымнан кейін жасалған дұға да қабыл болады» (Табарани) десе, «Хатым дұғасы жасалған жерге қатысқан адам, олжа таратылып жатқан жерге қатысқан сияқты болады. Хатым етуді бастаған жерде болған адам жиһад етуші сияқты. Екеуіне де қатысқан адам екі сауапқа да қауышады және шайтанды масқаралаған болады» (Хазинәт-ул-әсрар)-делінген. Бұл әрине, түсіне білген әр мұсылман үшін баға жетпес бақыттың бірі. Күнделікті намазда толық Құран Кәрімді жатқа хатым ету қариларымызға өздерін үнемі пысықтау үшін аса қажет болса, жамағаттың Құранға деген махабаттын арттыруға апаратын жол», -дейді қари.

Одан өзге облыстың наиб имамы Бекжан қари Әлденов мен жұбайына өзге облыстан дін жанашыры, кәсіпкер  Алланың сөзін, Құранның дәрежесін көтеріп, Ұмраға (кіші қажылыққа) жолдама табыс етсе, демеушілік танытқан жомарт жанға облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұылының атынан алғыс хат табысталды.

Ал ақтөбелік жамағат алдағы уақыт осы үрдіс аясында хатым жалғасын тапса, келесі хатымның дұғасында облыстық орталық мешіттің басқа діни қызметкеріне   Ұмраға (кіші қажылыққа) жолдама табыс ететіндігін айтты.

Айта кетсек, тұңғыш рет жамағатқа күнделікті намазда толық Құран Кәрімді жатқа хатым еткеннен кейін Бекжан қари Әлденов Алматы мен Нұрсұлтан және өзге өңірдегі қариларға жамағатқа күнделікті намазда (таң намазы мен құптан намазында) толық Құран Кәрімді жатқа хатым етсе деген челленджін жолдады. Сонымен қатар қариға сый ретінде ақтөбелік кәсіпкер Тұрлан Қаленұлы Ұмраға (кіші қажылыққа) жолдама табыс етті.

Шара қортындысында ҚМДБ ақсақалдар кеңесінің мүшесі Шалғынбай Жандосов пен жамағат арасынан белсенді күнделікті сауабы мол игі шара үзіліссіз қатысып жүрген жандар берді.

Әр шаңырақта Құранға амал етуші қарилар көп болсын!

Ақтөбе облыстық орталық 

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі