Ақтөбе: Ұстаз сұхбат берді 1952

Ақтөбе: Ұстаз сұхбат берді

24 шілде 2022 139 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстазы Рүстембек Аманғосов «Aqtobe» телеарнасында қонақ болды. 

Ұстаз «Иман нұры» бағдарламасында «Сабырдың соңы – сансыз сауап» тақырыбында сүбелі сұхбат берді.

Бағдарлама барысында ұстаз Алла Тағаланың разылығы үшін өмірдегі қиындықтарға төзу, шыдамдылық ету екендігін айтты. 

Сонымен қатар «Алла Тағала Құранда мұсылмандарға тән сипатының бірі – сабырлық» - дей келе, сабырлы болу адам бойындағы ең бір ізгі тамаша қасиеттердің бірі деп хәкім Абайдың «...Сабырсыз, арсыз, еріншек...» деп сабырсыздықты сынайды деп, сабырсыздықты еріншектік пен арсыздықтың деңгейіндегі жаман әдеттің біріне балайтынын баяндап, сабырдың адам өміріндегі маңызында тоқталды.


 Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі