Сауықтыру орталығы балаларына «Рамазан тәттісі» таратылды 3285

Сауықтыру орталығы балаларына «Рамазан тәттісі» таратылды

17 наурыз 2024 650 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласы, «Қабақ баба» мешітінің бас имамы және діни қызметкерлер Ақтөбе қаласында орналасқан «Қамқорлық» сауықтыру орталығына барып, сал ауруына шалдыққан және басқа да науқас балалармен кездесті. Насихат айтып, қасиетті Рамазан айымен құттықтады. Кездесу барысында балаларға Рамазан тәттісін таратып, сауықтыруға арналған «бизиборд», құралдар, дәрі-дәрмектерді сыйға тарту етті. Өз кезегінде орталық тәрбиешілері мен ата-аналар дін қызметкерлеріне шекссіз алғыстарын білдіріп, көз жастарына ерік берді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі