Ақтөбе: Жалпыұлттық аза тұту күніне орай  Құран Хатым дұғасы жасалды 766

Ақтөбе: Жалпыұлттық аза тұту күніне орай Құран Хатым дұғасы жасалды

29 тамыз 2021 139 Оқу 1 минут

Бүгін Жалпыұлттық аза тұту күніне орай ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінде Құран Хатым дұғасы жасалды.

Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан адамдардың қазаға ұшырауы – еліміздің басына түскен ауыр сынақ, барша қазақ елінің қабырғасын қайыстырды.

Еске салсақ, адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамыз күнін Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Осыған орай, 29 тамыз күні Ақтөбе уақытымен 9:00-де Ақтөбе облысындағы мешіттер мен медреселерде Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан қаза болғандардың рухына бағышталып, Құран Хатым дұғасы жасалды.

Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлы Қасиетті Құран аяттарынан болған сауапты марқұмдардың рухына бағыштап, жарылыстан зардап шеккен Жамбылдықтарға сабыр мен шыдам, жеңілдік сұрап бата қайырды.

Одан өзге «Aqtobe» телеарнасына Жалпыұлттық аза тұту күніне орай сұхбат беріп, қазақ еліне ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі атынан көңіл айтты.

Ақтөбе облыстық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі