Арқан тарту және ләңгі тебуден ұлттық спорттық сайыс өтті 3820

Арқан тарту және ләңгі тебуден ұлттық спорттық сайыс өтті

16 қазан 2024 124 Оқу 0 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұйымдастыруымен арқан тарту және ләңгі тебуден спорттық сайыс өтті.

Мешіт жамағатының өзара бірлігін арттыру, мешіт қызметкерлері мен халық арасындағы байланысты тереңдете түсу мақсатында ұйымдастырылған игі шарада имамдар жарыстың мақсаты мен шарттарын түсіндіріп өтті.

Жоғары деңгейде өткен шараға мешіт жамағаты қатысып, барлығы 30 азамат бақтарын сынады. Жарыстың қорытындысы бойынша арқан тарту спорттық сайысынан «Матай Қоқанұлы» командасы І орын (15 000тг) иегері атанды. Ал, «Талха» командасы ІІ орынмен (10 000тг), «Жанаман ахун Сейітімұлы» командасы ІІІ орынмен (5000тг) марапатталды.

Жекелеген ойыншылардан «Ләңгі тебу» спорттық сайысы өтіп, одан Берікбол Жанболатұлы ең үздік ретінде танылып, І орын иегері атанды. Ал, Берик Омар ІІ орынмен, ІІІ орынмен Қуандық Абай марапатталды. Сонымен қатар, қатысушыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.