Ақтөбе мешіттері балаларға қуаныш сыйлады 2750

Ақтөбе мешіттері балаларға қуаныш сыйлады

04 маусым 2023 215 Оқу 1 минут

1 маусым – балаларды қорғау күніне орай, ҚМДБ Ақтөбе облысына қарасты мешіттерде діни қызметкерлер аталған күні мерекелік іс-шаралар өткізіліп, балаларды қуандырды. Аталған іс-шараларға балдырғандар мен оқушылар келіп, көңіл көтерді.

Мешіт аулаларында әртүрлі бағдарламалық ойын-сауықтар өткізіліп, мерекелік көңіл-күй сыйланды. Аулаларға батут ойын алаңдары қойылып, эстафеталық ойындар, салт-дәстүр және ислам пәндерінен, әдеп, көркем мінез-құлық секілді викториналық сұрақ-жауап ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар таратылды. Мерекелік шараға келген балалар мен ата-аналарға балмұздақтар мен тәттілер таратылды. Бүлдіршіндер Лимузин көліктеріне отырғызылып, қаламыздың көрікті жерлеріне саяхат жасалды.

Балаларының көтеріңкі көңіл күйіне разы болған ата-аналар ұйымдастырушы мешіт қызметкерлеріне ерекше алғыстарын айтты. Осындай ауқымды шараның өткізілуіне демеушілік жасап, өз жәрдемін берген жомарт азаматтарға Алланың разылығы болсын деп тілейміз.

Мерекелік шара барысында мешіттерде жазғы маусымда өткізілетін «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсының ашылу салтанаты өткізілді. Бұйырса Ақтөбе мешіттерінде жазғы демалыс уақыттарында балаларға имани әрі тәрбиелік сабақтар, дұғалар, баталар жаттатуды қамтитын бағдарламамен сауат ашу курстары өткізіліп, Құран Кәрім дәрістері өткізілу жоспарлануда.


Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» 

мешітінің баспасөз қызметі