Облыстың Бас имамы Жалпыұлттық аза тұту күніне орай  сұхбат берді 767

Облыстың Бас имамы Жалпыұлттық аза тұту күніне орай сұхбат берді

29 тамыз 2021 149 Оқу 1 минут

Бүгін Жалпыұлттық аза тұту күніне орай ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінде Құран Хатым дұғасы жасалынғаннан кейін Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлы «Aqtobe» телеарнасына Жалпыұлттық аза тұту күні туралы сұхбат беріп, қазақ еліне өкілдік атынан көңіл айтты.

Сұхбат барысында Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан адамдардың қазаға ұшырауы – еліміздің басына түскен ауыр сынақ, барша қазақ елінің қабырғасын қайыстырғанын айтып, апаттан қаза болған жандарды Алла Тағала рахымы мен мейіріне бөлесін дей келе, жарылыстан зардап шеккен Жамбылдықтарға сабыр мен шыдам, жеңілдік берсін деп қортындылады.

Ақтөбе облыстық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі