Ақтөбе: Тұңғыш рет аламан бәйге ұйымдастырылды 1649

Ақтөбе: Тұңғыш рет аламан бәйге ұйымдастырылды

03 мамыр 2022 144 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде тұңғыш рет Ораза айт мерекесіне орай ат тұяғын дүбірлеткен кең көлемді аламан бәйге ұйымдастырылды. 

Игі шара Ақтөбе қаласындағы «Қайырқожа» мешітінің имамы Сұңғат Саметовтың мұрындық болуымен жүзеге асты.

Тұлпарлар бақ сынасқан аламан бәйгеге жүлде қоры 500 000 теңге қаржы бөлініп, 29 сәйгүлік бағын сынады.

Бәйге екі сайысты қамтып, алғашқы үштікке енген шабандоздар қала әкімі орынбасарының қолынан марапатқа ие болды.

Ұйымдастырушы имам Сұңғат Саметов Ораза айт мерекесінің маңызын атап өтіп, аламан бәйгеге атсалысқан азаматтарға алғысын білдірсе, Рамазанда Хатым түсіруге келген қари Әбдісәттар Нүркен іс-шараны Құран аятымен қорытындылады.

Сонымен қатар ұлттық спорт түрлерінен (қазақша күрес, қол күрес, гір көтеру, арқан тартыс) жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға 220 мың теңге жүлде қоры табысталды.

Одан өзге мешіт алаңында 200 адамға қос қазақ үйде айт дастарханы жайылса, балаларға 1000 балмұздақ таратылды. Мерекелік іс-шараның қортындысында ақсақалдар бата беріп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі