23 Зул-Қағда
Шалқарда пайғамбар (с.ғ.с) сүннеті дәріптелді 4333

Шалқарда пайғамбар (с.ғ.с) сүннеті дәріптелді

16 наурыз 2025 199 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешіті және «Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында жамағат арасында пайғамбар (с.ғ.с) сүннетінде келген «Садақ ату» спорттық ойынынан эстафеталық сайыс өтті. 

Жарыстың мақсаты: Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұсылман үмбетіне насихаттаған спорт түрлерін насихаттау. Сондай-ақ жамағат арасында бірлік пен татулықты насихаттап, салауатты өмір сүру салтын дәріптеу.

Шалқар қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің жанында өткізілген садақ ату сайысына 44 адам қатысып, қорытынды нәтижесінде І орынды Самат Жорғабаев, ІІ орынды Хасен Айбол, ІІІ орынды Шахмарбек Шахатаев иеленді. Ал, Мадияр Раев, Сәкен Тахаев және Бекет Баянасов ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Жүлделі орын алған жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі