ҚМДБ өкілі Түркияда білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесті 5343

ҚМДБ өкілі Түркияда білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесті

21 шілде 2025 2 Оқу 1 минут

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркия Республикасындағы өкілі, «Талаба» студенттер қауымдастығының жетекшісі Қарабаев Абдурашит Зиядинұлы Түркия Дианет қоры (TDV) Бурса облыстық білім үйлестіру бөлімінің топ жетекшісі Закир Шадман мырзамен және Хасеки Диянет академиясына биыл қабылданған 13 қазақстандық студентпен кездесті.

Кездесу барысында қазіргі таңда Түрік тілі курсында білім алып жатқан студенттердің жағдайы сұралды. Өзара пікір алмасып, білімге жігерлендіру бағытында сұхбат жүргізілді. Сонымен қатар, діни білім жолындағы жауапкершілік, тәртіп және мұсылман жамағатқа қызмет етудің маңызы жөнінде насихат айтылды.

ҚМДБ өкілі студенттерге Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, оқу жолында табандылық танытып, еліміздің рухани дамуына үлес қосатын білікті маман болуға тілектестігін білдірді.

Кездесу жылы жүздесу мен ортақ мақсаттар аясында жалғасып, студенттер алғыстарын білдіріп, алған білімдерін еліміздің игілігіне жұмсауға уәде етті.