«Бақытжан» мешіті: «Құмар ойындары құрдымға апарады» атты   семинар ұйымдастырылды 2940

«Бақытжан» мешіті: «Құмар ойындары құрдымға апарады» атты семинар ұйымдастырылды

17 қыркүйек 2024 579 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінде «Ихсан және ізгі қоғам жылы» аясында отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Құмар ойындары құрдымға апарады» атты әйел жамағатына семинар өтті. 

 Аталған семинар барысында мешіт ұстазы Анар Қойшығұлова жиналған жамағатқа құмар ойындардың үкімі, зардаптары туралы айта келе, қазіргі қоғамдағы ажырасу, жас шаңырақтардың шайқалуының, отбасында дау-жанжалдың бірден-бір себебі құмар ойындардан болатынын айтып өтті.

«Құмар ойындары шайтанның алдап-арбауымен күнәға жетелесе, ақыры уақыттың қадірін білмеу, мінездің өзгеруі, сабырсыздық пен ашулану, күйзеліс, отбасындағы қақтығыс, интернетке тәуелділік, кей жағдайда тіптен өз-өзіне қол салу секілді орны толмас өкініштерге апаратыны баршаға аян»,- деді Анар ұстаз.

Ізгі қоғамның қалыптасуына, сақталуына әйел адамдардың да үлесі зор. Осы себепті де әйел жамағаты бір ауыздан ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлу, ұлттық және отбасы құндылықтарын сіңіре білу, бос уақыттарын тиімді ұйымдастырып ілім-білімге баул, интернетке тәуелділіктен алшақтату керек" деген тұжырыммен семинарды қортындылады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі