Ақтөбе: Штаб жұмысы пысықталды 1876

Ақтөбе: Штаб жұмысы пысықталды

07 шілде 2022 88 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Құрбан айтқа байланысты құрылған штаб жұмысының дайындығын пысықтау мақсатында жиын өткізді. 

Бас имам күллі мұсылманның ұлық мерекесі саналатын Құрбан айт қарсаңында атқарылатын жұмыстарға байланысты қала имамдарына берілген тапсырмаларға жіті тоқталды.

Сонымен қатар «Қазіргі науқанда бір жағадан бас шығарып, бір жеңнен қол шығаратын кезіміз»,-деп облыстың Бас имамы дін қызметкерлеріне қолдау білдірді.

Одан өзге «Құрбан айт мейрамын жоғары деңгейде өткізуге баршамыз атсалысайық!» деген ізгі ниетін білдірді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі