Ақтөбе: Облыстың Бас имамы құрбандық шалынатын орындардың дайындығын тексерді 1875

Ақтөбе: Облыстың Бас имамы құрбандық шалынатын орындардың дайындығын тексерді

06 шілде 2022 132 Оқу 1 минут

Бүгін облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы мен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Алмат Әли Ақтөбе қаласы бойынша құрбан айт күндері құрбандық шалынатын орындардың дайындығын тексерді.

Сонымен қатар өңірдегі құрбан шалынатын орындардың бірі – 41 разъезд мекен-жайы бойынша орналасқан "Айбек" СТК ет комбинаты мен "Есік" ЖШС мал базарының басшылығымен кездесіп, құрбан шалу рәсімі толық түсіндіріліп, дайындық жұмыстары пысықталды.

Одан өзге кездесуде қосымша қасапшылар т.б мамандармен қамтамасыз ету мәселері қарастырылды. Бас имам санитарлық талаптардың орындалуын алдын-ала қадағалуды басты назарға алу керектігіне тоқталды.

Айта кетсек, биыл құрбан айт 9-11 шілде күні өтеді.

 Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітіінң баспасөз қызметі