Хромтау: Бас имам студенттермен кездесті 962

Хромтау: Бас имам студенттермен кездесті

16 қазан 2021 89 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық "Нұр" мешітінің Бас имамы Ерік Қонақбайұлы Тау-кен техникалық колледжінде студенттермен кездесті.

Кездесуге аудандық жастар ресурсы және жастар арасындағы дін мәселелері, қоғаммен байланыс орталығының теолог маманы Досхан Алимханұлы және Хромтау аудандық "Нұр" мешітінің бас имамы Ерік Сұлтанов қатысып, деструктивті діни ағымдардан және күмәнді парақшадан сақ болу туралы түсіндірді.

Одан өзге ұлт құндылығын дәріптеу, жас ұрпақтың иманды, тәрбиелі, білімді болуының маңыздылығынада тоқталды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі