Бас имам уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді 1084

Бас имам уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді

10 қараша 2021 186 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлы Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жамағатымен жүздесіп, «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.

Кездесу барысында облыстың Бас имамы тәңіршілдер туралы айтып өтті. Сонымен қатар тәрбие мен мінез мәселесіне тоқталды.

«Әр адам қоғам мүшесі екенін атап өтіп, тәрбиемен имамдар ғана айналыспау керек, оған барлығымыз жауаптымыз. Балам – үйде, қылығы – ғаламторда демес бұрын, кез келген маман өкілі тәрбие құндылығына аса мән беру аса маңызды. Жаман мінездің барлығы үшін ортақ шара – аурудың не екенін және оның зиянын және себебін білу болып келеді», - деді Серікжан Еншібайұлы.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі