Ақтөбе: Рамазанның 2-ші 10 күнінде 918 отбасыға қайырымдылық жасалды (ФОТО)
Қасиетті Рамазан айының 2-ші 10 күнінде ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты облыс, қала, аудан, ауыл мешітінің имамдары 918 отбасыға қайырымдылық жасап, 43 мешітте 45 000 адамға ауызашар дастарханын жайды.
Атап айтсақ, Рамазанның кешірім 10 күндігінде «Қолдан-қолға» жобасы бойынша 13 отбасыға қаржылай, «Рамазан тәттісі» жобасы аясында 270 балаға тәттілер салынған қораптар, «Рамазан сыйы» атты 18 балаға сый-сияпат, «Рамазан қоржыны» жобасы негізінде 256 отбасыға 3 тонна 804 кг азық-түліктей, 16 отбасыға 100 кг еттей көмек көрсетілсе, «Ауызашар қоржыны» жобасында 345 адамға ауызашар себеттері таратылып, 45 000 адамға облысқа қарасты 43 мешітте (мүмкіндігі шектеулі жандар, аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар т.б), «Ақтөбе» медресе-колледжі мен Ас-Салам қайырымдылық мекеме» жеке мекемесі және
«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті Ақтөбе қаласындағы дайындық курсында ауызашарлар берілді.
Игі іске демеуші жасаған кәсіпкерлердің кәсібіне Алла Тағала береке нәсіп еткей!
Рамазан қайырымдылық акциясы ай бойы жалғасын табады.
Игі іске сізде себепші болып, 1 отбасының мұқтажын өтеп, сауапқа кене аласыз.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі