Шалқар: Қарттарын қадірлеген ел ардақты 903

Шалқар: Қарттарын қадірлеген ел ардақты

01 қазан 2021 107 Оқу 1 минут

Шалқар ауданындағы "Бегімбет» мешітінің имамы Нұрдәулет Әуезовтың ұйымдастыруымен 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай шара өтті.

Іс-шараға ақсақалдар, ақсақалдар алқасының мүшесі Жұмат Каскенов,Шалқар қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің имамы Тілеубай Жамбыл, Шалқар ауданының Бас имамы Бақыт Тойчибаев, ауыл әкімі Оралбек Әбшанов пен ауыл имамдары қатысты.

Айтулы шарада Шалқар ауданының Бас имамы Бақыт Тойчибаев: «Қарттарын қадірлеген ел ардақты»,- дей келе, ақсақалдарды мерекемен құттықтады.

Одан өзге қазыналы ақсақалдарға дастарқан жайылып, үлкенге – құрмет, кішіге – ізет дәстүріне сәйкес, құрмет көрсетілді.


 Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі