Қадір түнінде Құран жарысының жеңімпазы анықталып, Ұмра табысталды 2648

Қадір түнінде Құран жарысының жеңімпазы анықталып, Ұмра табысталды

18 сәуір 2023 318 Оқу 1 минут

Қасиетті Қадір түні күніне орай Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті мен «Ихсан» орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысының жамағаты арасында «Раббыңның атымен оқы» атты Құранның 30-шы парасын жатқа оқудан білім сайысы өтті. 

Жарыстың шымылдығын облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы ашып, Құранның қадір-қасиеті мен Құран жарысының маңызына тоқталып, Қадір түні туралы баяндап, сайысқа қатысушы үміткерлерге сәттілік тіледі.
Сайыс барысында қатысушылар Құранның 30-шы парасын жатқа әрі қатесіз оқу бойынша бақ сынасты. Алдын ала хабарландыру нәтижесінде 74 азамат сайысқа қатысуға ұсыным білдіріп, тіркелді. Олардың арасында іріктеу кезеңі өткізіліп, ақтық кезеңге 10 азамат жолдама алды.

Құран жарысына қатысушыларды «Ақжар» қайырымдылық мекемесінің (қарилар орталығы) директоры, облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Бекжан қари Әлденов және Бекзат қари Тасбулатов т.б әділқазы ретіндде сараптады.

Дода нәтижесі бойынша:

I орынды Манасов Нұрсұлтан иеленіп, Ұмра қажылығына жолдама алды («Нұр Ғасыр» мешітінің жамағаты);

II орынды Раисов Нұрболат иеленіп, 200000 теңге қаржылай сыйлық табысталды (Хромтау ауданы, «Нұр» мешітінің жамағаты);

III-орынды Байқадамов Алмат иеленіп, 150000 теңге қаржылай сыйлыққа ие болды (Хромтау ауданы, «Нұр» мешітінің жамағаты).

Одан бөлек ақтық кезеңге өткен 8 азамат ынталандыру мақсатында «Ең жас қари» номинациясы және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сайыс жеңіпаздарын Ақтөбе облысының әкімі Ералы Лұқпанұлы мен Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы құттықтап, сыйлықтарын табыстады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі