Ақтөбе: «Рамазан тәттісі» атты шара ұйымдастырылды 1489

Ақтөбе: «Рамазан тәттісі» атты шара ұйымдастырылды

04 сәуір 2022 96 Оқу 1 минут

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының жоспары бойынша Шалқар ауданы, Айшуақ ауылдық округіндегі Бегімбет ауылдық мешітінің имамы Нұрдәулет Әуезовтың ұйымдастыруымен «Балалар жылы» аясында қасиетті Рамазан айының қасиеті мен мейірімділігін сіңіру мақсатында «Рамазан тәттісі» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Шара барысында «Айгөлек» бала-бақшасындағы бүлдіршіндерге «Рамазан тәбәрігі» атты тәттілер үлестірілді.

Сонымен қатар имам ұлық айдың маңыздылығын түсіндірді. Игі шараны ұйымдастырушыларға бала-бақша мекемесінің басшылығы алғысын білдірді.


Ақтөбе облыстық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі