Облыстық орталық мешітте Рамазан айына орай арнайы Call-орталық жұмысын бастады 1488

Облыстық орталық мешітте Рамазан айына орай арнайы Call-орталық жұмысын бастады

04 сәуір 2022 85 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде қасиетті Рамазан айына орай арнайы Call-орталық жұмысын бастады. 

Діни сұрақтарға жауап беретін орталыққа ақтөбелік тұрғындар Рамазанға және өзін мазалаған мәселесіне қатысты сауалдарын жолдай алады. 8 702 777 59 03 телефонына хабарласу арқылы, ораза, ораза кестесі, пітір садақа мөлшері, пітір садақаны онлайн форматта беру, ауызашар және басқа да мәселелерге қатысты жауап алуға болады.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі