Ақтөбе: Бас мүфти  «Игі істер» қайырымдылық шарасына  қатысты 1418

Ақтөбе: Бас мүфти «Игі істер» қайырымдылық шарасына қатысты

18 наурыз 2022 183 Оқу 1 минут

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай ҚМДБ өкілдері, жергілікті атқарушы органдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестік басшылары және еріктілердің ұйымдастыруымен «Игі істер» атты қайырымдылық марафоны өтті.

Бұл қайырымдылық марафоны аясында мүмкіндігі шектеулі балалары бар аз қамтылған және көпбалалы 1200-ге жуық отбасыға 12 млн 500 мың теңгені құрайтын 16 мың тонна азық-түлік салынған азық-түлік қорапшалар табысталды.

«Қайырымдылық – мұсылманның, жалпы халқымыздың жүрегіне мейірімділік сезімін ұялататын ізгі іс. Мешіт – мейірімділік мекені. Діни басқарма қашан да қайырымдылық істерге ұйытқы бола бермек. Біздің игі бастамамызға қолдау көрсеткен барша жомарт жандарға алғысымды білдіремін» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Аталған шараға «Автоматехсервис», «Fortress Holding Limited», «Евразия Геохим Техинжиниринг», «Экоэкспресс Актобе», «Лучойл Техсервис» және «АНВАР» ЖШС демеушілік танытты.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі