Ел амандығы үшін нәпіл құрбандық шалынды 601

Ел амандығы үшін нәпіл құрбандық шалынды

10 сәуір 2021 222 Оқу 1 минут

Өткен аптада Ақтөбе қаласында орналасқан «Бақытжан» мешітінде қайырымды іс жасалды. Ел басына төнген індеттің өршуіне байланысты қасиетті Рамазан айының қарсанында халықтың амандығын тілеп Ақтөбе қаласы, «Бақытжан» мешітінде 1 ірі қара және 1 қой нәпіл құрбандық ретінде шалынды. Шараға Ақтөбе облысының Бас имамы Төлеби Оспан арнайы қатысты. Демеушілік жасаған жомарт жандарға алғыс білдірді. Сондай-ақ, Алладан екінші жыл қатарынан жалғасып келе жатқан пандемиядан арылтуын сұрап, елдің тыныштығын тіледі. Алла үйінің қызметкерлері  садақа еттерін жергілікті көп балалы, аз қамтамасыз етілген, жарымжан және жетім-жесір 40 отбасыға үлестірді.

Алла тағала әрқашан баршамыздың қолымыздың ашық, жүрегіміздің мейірімді, бір-бірімізге жанашыр болуымызды нәсіп етсін!


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі