«Нұр Ғасыр» мешітінде «1 күнде 1 Құран хатым» жобасы жүзеге асты 1221

«Нұр Ғасыр» мешітінде «1 күнде 1 Құран хатым» жобасы жүзеге асты

20 қаңтар 2022 152 Оқу 1 минут

ҚМДБ 2022 жылы атқарылатын шаралардың қатарында «1 күнде 1 Құран хатым» жобасы бекітілді. Бұл шара бойынша Қасиетті Құран Кәрімді күн сайын хатым ету арқылы жыл соңында 365 рет Құранды бастан аяқ хатым етілетін болады. 

Сауабы мол ізгі шараның мақсаты – күн сайын Құранды толық оқып, еліміздің ертеңі үшін құрбан болған бабаларымыздың рухына бағыштау.

Осы жобаны жүзеге асыру мақсатында Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінінде облыстың Бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлы бастаған мешіт дін қызметкерлерінің қатысуымен Құран хатым етілді. Сонымен қатар елдің тыныштығы мен тұтастығын тілеп, дұға жасалды.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі