Ақтөбе облысында бірқатар кәсіпорынның «QMDB HALAL» куәлігі жаңартылып, жаңа нысандар сертификатталды 6597

Ақтөбе облысында бірқатар кәсіпорынның «QMDB HALAL» куәлігі жаңартылып, жаңа нысандар сертификатталды

30 шілде 2026 25 Оқу 1 минут

ҚМДБ «Халал Даму» мекемесі халал өнім өндіруші кәсіпорындар мен қызмет көрсету орындарының жұмысын тұрақты бақылауда ұстап, тұтынушыларға сенімді әрі сапалы өнім ұсыну бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда. Осы орайда, Ақтөбе өңіріндегі бірқатар өндіріс және сауда нысандарында кезекті бақылау-аудит жұмыстары жүргізілді.

Сүт өнімдерін өндіру бағыты бойынша:
«QMDB HALAL» стандарты бойынша куәліктің қолданылу мерзіміне сәйкес, танымал «Maki Maki» және «Maxipro» ашытылған сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорынның халал куәлігі қайта жаңартылды. Куәлікті ұзарту барысында өндіріс орнына жоспарлы тексеру жүргізіліп, өндірістік үдерістер, пайдаланылатын шикізат пен қосалқы материалдар, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы жан-жақты сараланды. Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын қызметі халал стандарттарына толық сай деп танылды.

Ет өнімдері дүкендерін тексеру және сертификаттау бойынша:
Сонымен қатар, «Халал Даму» мекемесінің Ақтөбе облысы бойынша технолог маманы Ақмаржан Ержанқызы Хромтау қаласында ауқымды жұмыстар атқарды:

«Асық» және «Сыбаға» ет дүкендеріне жоспарлы тексеру жұмыстарын жүргізіп, кәсіпорындардың халал талаптарын сақтау деңгейі мен сауда үдерістерін зерделеді;

«Алан» ет дүкенінің талаптарға сай екенін анықтап, ресми түрде «QMDB HALAL» куәлігін табыс етті.

«Халал Даму» мекемесі өңірдегі тұтынушылардың құқығын қорғау және адал өнім нарығын дамыту мақсатында бақылау шараларын алдағы уақытта да тұрақты түрде жүргізе бермек.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі