Сансызбай Құрбанұлы Мысырдағы конференцияға қатысты 712

Сансызбай Құрбанұлы Мысырдағы конференцияға қатысты

06 тамыз 2021 141 Оқу 1 минут

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы тапсырмасымен ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы мен Діни басқарманың Мысыр Араб Республикасындағы тұрақты өкілі Руслан Амантұрсынұлы Каир қаласында өткен «Цифрлық дәуірдегі пәтуа институттары: даму мәселелері мен ынтымақтастық механизмдері» атты халықаралық конференцияға қатысты.

Әлемдік деңгейдегі ауқымды конференцияны Дүниежүзілік Пәтуа ұйымының Бас хатшылығы 2-3 тамыз күндері ұйымдастырды. Халықаралық конференцияға Мысыр Араб Республикасы Әділет министрінің кеңесшісі Омар Маруан, Уақып министрі доктор Мухаммад Жұма, «Әл-Азһар» шейхының орынбасары, доктор Мухаммад Дуини, Мысыр елінің муфтиі Шауқи Әлләм жане 85 мемлекеттің мүфтилері мен дін істері жөніндегі министрлері қатысты.

Конференцияда індет дәуірі мен технологиялық прогресс, пәтуа беруде цифрлық әдістерді қолдану мәселелері талқыланды. Үш секцияда өткен конференцияда: «Пәтуалар жинағы: шындық және болашаққа деген үміт», «Цифрлық дәуірдегі пәтуа мәселелері: даму мәселелері мен тиімді модельдер» және «Эпидемия кезіндегі пәтуалар: әдістер мен механизмдер» тақырыбы қозғалды.

Өз кезегінде Сансызбай Құрбанұлы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, тұшымды ой-пікірлерін бөлісті. Сондай-ақ исламтанушы-ғалым Мысыр елінде оқып жатқан Қазақстандық студенттермен кездесті.