30 Шәууәл
Мешіттің 2 қызметкеріне Умра сертификаты табысталды 4412

Мешіттің 2 қызметкеріне Умра сертификаты табысталды

10 сәуір 2025 453 Оқу 1 минут

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Шалқар ауданының Бас имамы айт мерекесінде 2 мешіт қызметкеріне ұмра (кіші қажылыққа) қажылыққа жолдама табыстады.

Айт мерекесінде Бас имам құттықтау сөз сөйлеп, асыл дінімізде ұстаздық етудің қадір-қасиеті туралы насихат айтып, аудандық мешітте азаншы қызметін атқарып жүрген азамат Қайрат Қаймолдинге және ұстаздық қызметін атқарып жүрген Жұлдыз Тлеубайға Ұмра қажылығына жолдама табыстады.

Бас имам Абзал Медетбеков: «Әр азамат игі іске қолдан келгенше үлес қосады. Осы екі азамат дініміздің өркендеуіне ерекше үлес қосты. Алла разы болсын! Бұл еліміздің өсіп-өркендеуіне қосылған үлес деп есептеймін. Өйткені осы мекемеден діни һәм зайырлы білім алып шыққан иманды, отаншыл жастарымыз ертең-ақ елге, дінге қызмет ететін болады. Алла сол күнге жеткізгей! Әмин!» деді.

Өз кезегінде Ұмраға жолдама алған ерлі – зайыпты мешіт қызметкерлері демеушілік жасаған аудан Бас имамы мен жамағатқа ерекше алғыстарын білдірді.