Хромтау: Облыстың Бас имамы қайырымдылық шарасына қатысты 2214

Хромтау: Облыстың Бас имамы қайырымдылық шарасына қатысты

29 қазан 2022 179 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы мен облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе облысы бойынша өкілі Алмат Әлидің Хромтау ауданына барған сапары барысында аудандық «Нұр» мешітінде мәуліт айының құрметіне орай өткен «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасына қатысты.

Шара барысында облыстың Бас имамы мешітке келген жамағатты шарапаты мол мәуліт айымен құттықтады. Сондай-ақ елді ізгілік пен мейірімділікке үндейтін жобаның өтуіне атсалысқан жомарт жандар мен кәсіпкер азаматтарға, мешіт имамдарына алғысын білдірді.

Одан өзге ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с) дүниеге келген мәуліт айында өткен мерейлі шарада жан жылуын сезініп азық-түлік себеттерін алған отбасылар игі жобаға қолғабыс тигізген барша қайырымды жандарға шексіз ризашылықтарын жеткізді.

Шара қортындысында көпбалалы, жалғызбасты, мүмкіндігі шектеулі 50 отбасыға азық-түлік қоржыны үлестірілді.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі