Бас имам мен шәкірттер «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» атты байқауға қатысты 4735

Бас имам мен шәкірттер «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» атты байқауға қатысты

08 тамыз 2025 77 Оқу 1 минут

Абай Құнанбайұлының ақын шәкірттерінің шығармаларын насихаттау және өскелең ұрпақтың оқу белсенділігін арттыра отырып кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында Шалқар ауданында «№3 қалалық кітапхана» және «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» атты байқау №3 қалалық кітапханада өтіп, оған Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсының шәкірттер қатысты. 

Игі шарада Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков пен әділқазылар байқаудың маңыздылығына тоқталып, жас өрендерге сәттілік тіледі.

Жарыс барысында қатысушылар Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлының шығармаларын мәнерлеп жатқа оқыды.

Әділқазылар алқасының құрамында «№3 ЖОББМ» мұғалімі Гүлім Ахметжанова, «AMANAT» партиясының кеңесшісі Нұрболат Мурсалов, Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков және №3 қалалық кітапханасының қызметкері Сәрсенбаева Шаршан болды.

Жарыс қорытындысы бойынша І орынды Омар Абдуррахман, ІІ орынды Ұзақбай Диас пен Арсен Нұрманғалиев, ІІ орынды Расул Жарқынбай, Нұртілек Жұмағали, Исмаил Мажиев иеленді.

Жеңімпаздарға дипломдар және бағалы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі