Балаларға Рамазан тәттісі үлестірілді 3281

Балаларға Рамазан тәттісі үлестірілді

17 наурыз 2024 313 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық "Матай Қоқанұлы" және қалалық "Жанаман ахун Сейітімұлы" мешітінің ұйымдастыруымен Рамазан айының құрметіне орай балаларға түрлі тәттілер салынған 120 қоржын тарту етілді.

Сондай - ақ, игі шара аясында Шалқар ауданың бас имамы Абзал Медетбеков бастаған дін қызметкерлері Шалқар ауданындағы ерекше балаларға тәлім беретін мекемеге арнайы барып, бүлдіршіндерді "Рамазан тәттісі" сыйлықтарымен қуантты.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі