Дін мамандары марапатталды 2526

Дін мамандары марапатталды

02 наурыз 2023 101 Оқу 1 минут

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Марал Ермекбайұлы, Хромтау ауданының Бас имамы Ерік Сұлтанов пен аудандық «Нұр» мешітінің наиб имамы Бөлекбаев Нұрсұлтан, ал Хромтау ауданына қарасты Ақжар ауылдық мешітің имамдары Ахметқалиұлы Қашақбай және Жағыпаров Нұрхан, Бөгетсай ауылдық «Ақ-Нұр» мешітінің имамы Аққазыұлы Жомарт және ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіндегі 12 әйел ұстаз бен республикалық «Мұнара тв» телеарнасының тілшісі, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің Баспасөз хатшысы Ақтолқын Тажикова алғыс хатпен марапатталды.

Атап айтсақ, Ақтөбе қаласы Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының директоры Ж.Романованың атынан наиб имам
Иманғали Маралға, Хромтау ауданы әкімінің атынан аудандағы және ауылдағы имамдарға, облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлының атынан «Қыс – мүміннің көктемі» атты қортындылау кешінде әйел ұстаздар мен баспасөз хатшысына берілді.

Марапаттарыңызбен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз аласырмасын!


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі