Облыстық мешітте «Бас имам сағаты» өтті
ҚМДБ бекіткен «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Бас имам сағаты» өтті.
Рамазан айының екінші жұмасында облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы «Бас имам сағатында» жамағатпен жүздесіп, қасиетті ай, он екі айдың сұлтаны, рақымы мол Рамазанның қадір-қасиеті туралы насихат айтты.
Сонымен қатар облыстың Бас имамы Рамазан айында атқарылатын құлшылықтар туралы жамағаттың сұрағына толыққанды тұщымды жауап берді.
Одан өзге жиналған жамағатқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Мүфтият» баспасынан шыққан «Рамазанға қатысты 200 сұрақ» атты кітапты таныстырылды.
Айта кетсек, «Бас имам сағаты» ай бойы жалғасын табады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі