Ақтөбенің білектілері бірліктің үлгісін көрсетті 762

Ақтөбенің білектілері бірліктің үлгісін көрсетті

27 тамыз 2021 161 Оқу 1 минут

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ақтөбелік жамағат арасында ауызбіршілік, ынтымақтастық, бірлікті нығайту барысында қол күрестен жарыс өтті. 

Ақтөбе қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Ансар» ақпараттық-талдау орталығының қолдауымен өткен шараға қатысушылар өте жоғары деңгейде белсенділік танытты.

Тартысқа толы додада І орын иеленіп, «Әс-Сәләм» мешітінің командасы жеңімпаз атанды.

Ал ІІ орынды Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жамағатына, ІІІ орын «Қабақ баба» мешітінің командасына бұйырды.

Шараға атсалысқан барша қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан алғыс айтылып, жеңімпаздарға алғыс хат және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Ақтөбе облыстық орталық 

"Нұр Ғасыр" мешітінің баспасөз қызметі