Ақтөбе: Мешіт жамағатына халал насихатталды 3287

Ақтөбе: Мешіт жамағатына халал насихатталды

17 наурыз 2024 654 Оқу 1 минут

«QMDB Halal» өнімдерін стандарттау бөлімінің Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Алмат Әли «Нұр Ғасыр»облыстық орталық мешіті жамағатына Халал жөнінде уағыз-насихат жүргізді.

Жиылған жамағатқа халал ас тұтынудың маңызы, тағам өнімдерін сатып аларда, тұтынарда аса берілуі тиіс жәйттар, күнделікті ас өнімдері құрамында жиі кездесетін тағамдық қоспалар, халал өнімдер дайындау технологиясы жөнінде құнды ақпаратпен бөлісті. Сондай-ақ Ақтөбе қаласында «Халал» сертификатын алған кәсіпорындарды таныстырып, халал қасапшылардың туралы ақпарат берді.

Шариғат талаптарына сай халал ас өндіру мен тұтынудың дүние мен ақыретте тигізер пайдасына тоқталып, кәсіпкерлерді халал стандартына сай жұмыс істеуге шақырды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі