Бас мүфти сарбаздарға рухани тұрғыдан қолдау білдірді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы елордада өткен игі-іс шараға қатысты.
Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Бас мүфти бастаған дін қызметкерлері ыстық тамақ пен азық-түлік салынған себеттерді Нұр-Сұлтан-Қарағанды тасжолында орналасқан блокпосттағы сарбаздарға үлестірді.
«Мемлекетіміз елімізде болған жағдайды қалыпқа келтіру үшін қажетті шешімдер қабылдап, тиісті іс-шараларды жүзеге асыруда. Біздің де аз да болса үлесіміз болсын деген ниетпен сарбаздарымызға ас-су әкеліп, оларға рухани тұрғыдан қолдау көрсетіп жатырмыз. Алла Тағала еліміздің шетін жаудан, ішін даудан сақтасын» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.
Айта кетсек, еліміздегі барлық мешіт имамдары блокпосттарда сарбаздарға ыстық тамақ пен азық-түлік үлестіруде.