Ембі: Құрбан айт қарсаңыңда балаларға қуаныш сыйлады 1915

Ембі: Құрбан айт қарсаңыңда балаларға қуаныш сыйлады

11 шілде 2022 109 Оқу 1 минут

Ембі калалық «Нұр» мешітінің ұйымдастырумен қасиетті ұлық мерекекенің 3-ші күні балаларға арналған шара өтті. 

Аталған шара барысында «Имани жаз –2022» сауат ашу курсының шәкірттері мен қала тұрғындарының балаларына яғни 100 баланы батутқа ойнатып, 400 балмұздық таратылды.

Игі шараның өтуіне мұрындық болған Ембі қаласының имамы Нұрсұлтан Тұрсынқұлов: «Биылғы балалар жылы аясында құрбан айттың құндылығын насихаттасақ, ізгі ұрпақтарымыздың саны артады»,- дей келе, мерекемен құттықтады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі