«Мұнара»: «Салиқалы сұхбат» бағдарламасының кезекті түсірілімі өтті 6821

«Мұнара»: «Салиқалы сұхбат» бағдарламасының кезекті түсірілімі өтті

20 қараша 2026 74 Оқу 1 минут

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл арнасы, еліміздегі жиырма төрт сағат үздіксіз жұмыс істейтін рухани-ағартушылық «Мұнара ТВ» телеарнасындағы «Салиқалы сұхбат» бағдарламасының кезекті түсірілімі өтті. Тән саулығы мен жан руханиятын ұштастыруға арналған сұхбатты журналист, РАТТ мүшесі Ақтолқын Тажикова жүргізді.

Бағдарлама қонағы — Ақтөбедегі Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің білікті оқытушысы, тәжірибелі хирург-дәрігер, қоғам белсендісі, сондай-ақ Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті жанындағы бата беру үйірмесінің жетекшісі Нұрлан Ізденұлы Есенғазы.

Түсірілім барысында медицина мен ұстаздық жолындағы жауапкершілік, жас мамандардың бойына кәсіби біліммен қатар мейірім мен жанашырлық қасиеттерін сіңіру мәселелері кеңінен сөз болды. Сонымен қатар спикер қоғамдағы ақсақалдар институтының рөлі, ұлттық тәрбиенің өзегі саналатын бата беру мәдениетін жаңғырту, жастарды кітап оқуға баулу және әйгілі диқан Шығанақ Берсиевтің еңбек жолын өскелең ұрпаққа үлгі ету жөнінде тағылымды ойларымен бөлісті. Бағдарлама соңында ақсақал дәстүрге сай көрермендер мен ел-жұртқа ақ батасын берді.

ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі