Ақтөбе: ҚМДБ «Уағыз-насихат» бөлімінің меңгерушісі жұма уағызын айтты 6469

Ақтөбе: ҚМДБ «Уағыз-насихат» бөлімінің меңгерушісі жұма уағызын айтты

27 маусым 2026 47 Оқу 1 минут

ҚМДБ төрағасы, Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің тапсырмасымен ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров Ақтөбе облысына арнайы келген болатын.

Батыржан Берденұлы қасиетті жұма күні Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде жұма уағызын айтты. ҚМДБ «Уағыз-насихат» бөлімінің жылдық жоспарында бекітілген «Неке – салауатты өмір шарты» атты тақырыбында уағыз айтып, отбасылық құндылықтарды насихаттады. Сондай-ақ қоғамдағы жас жұбайлар арасындағы өзара жауапкершілік пен татулықтың алғышарттарын егжей-тегжейлі баяндады.