Полиция бөлімінің қызметкерлерімен «Дін мен дәстүр» тақырыбында кездесу өткізді 6688

Полиция бөлімінің қызметкерлерімен «Дін мен дәстүр» тақырыбында кездесу өткізді

01 қазан 2026 26 Оқу 1 минут

Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков Шалқар аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлерімен «Дін мен дәстүр» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесу барысында Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков дін мен дәстүрдің сабақтасығына тоқталып, «Ертеректегі ғұлама-ғалымдардың пайымдауынша, ел болып қалыптасу үшін бірқатар тіректердің болу қажеттілігі айтылады. Олар – діні, тілі, жері, тарихы, ұлттық тағамы, ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Сондай-ақ әр ұлттың өзіне тән ерекшелігі тағы бар. Қазақ халқының ұлттық салт-санасы мен әдет-ғұрыптары Ислам дінімен тығыз байланысты. Дін мен ділдің, салт-сана мен шариғи ғұрыптардың өзара астасуы елдің бірлікте, ынтымақта өмір сүруіне негіз қалайды» - деп, атап өтті.

Одан өзге Бас имам қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар берді.