«Әйел-қыздар» секторы сенбілік өткізді
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен кезекті тазалық шарасы – сенбілік өтті.
Іс-шара барысында мешіт ауласы мен әйелдерге арналған бөлім толықтай тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Дінімізде ағаш отырғызу – сауапты амалдардың бірі. Ардақты Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Егер мұсылман бір ағаш отырғызса немесе егін ексе, одан адам, құс не жануар жесе – ол оған садақа болып жазылады», – деген хадисіне амал ете отырып, қоршаған ортаның көркеюіне үлес қосып, шие, алмұрт көшеттері мен гүлдер отырғызды.
Сенбілікке қатысқан жамағат белсенділік танытып, бірлесе еңбек етудің үлгісін көрсетті. Мұндай шаралар тек тазалықты қамтамасыз етіп қана қоймай, қоғамда ауызбіршілік пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етері сөзсіз.










































