«Қыз  баланың саулығы – ел болашағының кепілі» атты танымдық семинар өтті 4692

«Қыз баланың саулығы – ел болашағының кепілі» атты танымдық семинар өтті

21 шілде 2025 84 Оқу 1 минут

ҚМДБ-ың «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Ақтөбе облысы өкілдігіндегі «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Нұр Ғасыр» мешітінде жазғы сауат ашу курсының шәкірттеріне арналған «Қыз баланың саулығы – ел болашағының кепілі» атты танымдық семинар өтті.

Дәрігер маманының қатысуымен өткен танымдық шарада қыз баланың әдебі мен дене күтімі, тамақтану тәртібі және рухани танымы секілді маңызды мәселелер қозғалды.

Сектор жетекшісі Кенжегүл Кушкарова адам баласына Алладан берілген баға жетпес нығметі денсаулықты бағалаудың және оны сақтаудың бірден бір жолы – айнала қоршаған ортамыз бен дене мүшелерінің тазалығына мән беру керектігін айтты. Дінімізде тазалықтың иманмен тікелей байланысы бар екендігі, Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Тазалық – иманның жартысы» деген хадисі аясында насихат айтып, әрбір мұсылман қыз үшін тазалық — Алланың разылығына бастар жол екенін жеткізді.

Семинар спикері тәжірибелі дәрігер, жоғары білімді маман Асылзат Маратқызы қыз балаларға жасөспірім шақтағы өзгерістер, әйел баласына тән физиологиялық ерекшеліктер жайлы түсінікті әрі әсерлі түрде жеткізді. Сонымен қатар күнделікті тазалық сақтау жолдары, дене күтімі, тамақтану тәртібі, қыз баланың денсаулығына жауапкершілікпен қарауы болашақ ұрпақтың санлы да сау болуының кепілі деп жеткізді.

Дәрігерт жеке бас гигиенасы әрбір бойжеткен үшін аса маңызды екенін медицина тұрғысынан түсіндіріп, қыздардың көкейінде жүрген түрлі сұрақтарға кең көлемде нақты мысалдар келтіріліп жауап берді.

Мешіт ұстаздарының бастамасымен ұйымдастырылған бұл тағылымды кездесу қыз балалардың діни әрі тұрмыстық сауатын арттырып, болашақта ұқыпты, ұяң да тәрбиелі мұсылман әйел болуға бір қадам жақындатты.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі