Алматы облысының имамы  Ақтөбе облысында тәжірбие алмасты 2918

Алматы облысының имамы Ақтөбе облысында тәжірбие алмасты

09 қыркүйек 2023 214 Оқу 1 минут

ҚМДБ «Діни оқу-ағарту» бағытының 2023 жылға арналған жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, 1 апталық тәжірибе алмасу және уағыз-насихат іс сапары бойынша Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданында Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылындағы "Uzynagash" мешітінің имамы Ануархан Садыхбаев өтті.
Тәжірибе алмасу іс сапары Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлымен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде кездесумен басталды.

Ануархан Садыхбаев 1 апталық уағыз-насихат сапарында облыстық "Нұр Ғасыр" мешітінде, Мұғалжар ауданындағы «Нұртай» мешіті мен Қандыағаш қаласындағы «Қадырәлі ата» мешітінде болып, жамағатқа «Рух тәрбиесі», білім алудың маңызы, жамағаттың ауызбіршілігі, ынтамақ пен татулық, бауырмалдық т.б аясында насихат айтып, сұрақтарына жауап берді.



Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі