Қобда ауданында 3 мешіттің жамағаты бас қосты
Қобда ауданында “Ислам және адал қоғам жылы аясында” 3 мешіт жамағаты бас қосты. Темір ауданы “Досжан Ишан” мешітінің бас имамы Құран тәпсірінен дәріс өтті. Аудан имамы Шымболатов Абай және қалалық “әл-Ләтиф” мешітінің бас имамы Аманғомов Рүстембек биылғы ҚМДБ бекіткен “Ислам және адал қоғам” тақырыбын жамағатқа ашықтап уағыз-насихат айтты. Отырыс соңында аудан имамы Қобда ауданы атынан 2 мешітке сыйлық табыстады.











































