Ақтөбеде айт намазы оқылды 649

Ақтөбеде айт намазы оқылды

13 мамыр 2021 292 Оқу 1 минут

Бүгін исі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы аяқталып, Ораза айт мерекесі басталды. Осыған орай, ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ауласында айт намазын оқу үшін жергілікті жамағат жиналды. Облыстың Бас имамы Төлеби Оспан Алла үйіне жиналған қауымға уағыз айтып, жамағатты айтулы күнмен құттықтады. Кейін айт намазының оқылу тәртібін түсіндіріп, санитарлық талаптарды сақтай отырып жамағатпен айт намазын оқыды. Ораза айт құтпасын оқыған Бас имам Алладан бір ай бойы ұстаған Рамазан оразасын қабыл етуін тілеп, жамағатпен алақан жайып ел тыныштығын сұрады.

Өз кезегінде бір ай бойы ауыз бекітіп, ниет еткен жандар бұл күнге дін аман жеткеніне қуанып, келер жылы да есендікпен қауышуды тілесіп, бірін-бірі құттықтап жатты.

Еске сала кетейік, бүгін облыстағы барлық мешіт аулаларында санитарлық талаптарды сақтай отырып айт намазы оқылды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі